Управление архитектуры и
градостроительства Мангистауской области

Протокол по исполнению протокола № 30-02/55 от 12.12.2017 года

Doing Business шеңберінде «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 19 рәсімді оңтайландыруды қарастыру жөніндегі 12.12.2017 жылғы кеңестің №30-02/55 хаттамасының

 орындалысы бойынша

ХАТТАМАСЫ

 

20 желтоқсан                                  № 17                                      Ақтау қаласы

 

         Төрағалық еткен: «Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» басшысы Н.Жайлау 

         Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

Күн тәртібінде:

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары А.С. Ыдырысовтың төрағалығымен өткен, Doing Business шеңберінде «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 19 рәсімді оңтайландыруды қарастыру жөніндегі кеңес _______хаттамасының 2 тармағының орындалысы туралы________

1. Doing Business шеңберінде «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша 19 рәсімді оңтайландыруды қарастыру жөніндегі 12.12.2017 жылғы кеңестің №30-02/55 хаттамасы назарға алынсын.

2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы -жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, «Атамекен» ҰКП Маңғыстау облысы филиалы, қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері. Құрылыс салуға рұқсат кезінде рәсімдер бойынша (жерге тиісті құқық алудан бастап пайдалануға қабылдау актісін тіркегенге дейін) талаптарды өзгерту бөлігінде қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және қолдану бойынша барлық мүдделі тұлғалармен жұмыс жүргізсін.

3. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ақпараттық стендтерді жаңарту бойынша іс-шаралар өткізсін.

         4. Осы хаттаманың орындалысын бақылау Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Б.Балиұлына жүктелсін.

 

Басқарма басшысы                                         Н.Жайлау

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы -жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті

         Маңғыстау облысының әділет департаментіне

         Қалалық  және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер Палатасы -

Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы -

Маңғыстау облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасы - 

Прикрепленные файлы

20.12.2017
Руководитель управления
Жайлау Найзабек Мырзагалиулы
Биография
Задать вопрос

Государственные символы

Государственный Флаг Республики Казахстан
Государственный Герб Республики Казахстан
Государственный Гимн Республики Казахстан

Кабинет пользователя